Балабақшада меңгеруші педагогтардың маман ретіңде кәсіби өсуіне, әлемдік білім кеңістігінде болып жатқан өзгерістермен үндесетін қадамдар жасауына толық жағдай жасап отыр. Балабақша ұжымы үнемі тәрбиелеу мен оқыту үрдісінде жаңа технологияларды пайдаланып, эксперимент алаңын ашып жүйелі жүмыс жүргізуде.
Жалпы балабақша өз жұмысында ата-аналармен тығыз байланыс жасауды басты бағыттардың бірі ретінде қарайды. Үнемі шығармашылық ізденіс үстінде болып, оқу-тәрбие жұмыстарына жаңа технологиялар мен іс-тәжірибелерді енгізіп отырады. Әдіскерлерге, тәрбиешілерге үнемі кеңес беріп, жас мамандарды үйретуден жалықпайтын қамқоршы,тәлімгер-педагогтарды даярлайды.