Рубрика: Uncategorized

2022 жылы жаңадан кең ғимараттар қосылды.

2022 жылы ескі ғимараттарымыздың орнына жаңадан кең ғимаратар қосылды. Балабақшамыз үлкейіп жатыр. Денсаулық күніне де түрлі ойындар — “Толағай” ойындарын өткізіп тұрамыз. Ата-аналарымыз бізге деген ризашылықтарын, алғыстарын айтып жатыр.

Балабақшамыздың қазіргі стандартқа сай түрлі ойыншықтары

Балабақшамыз қазіргі стандартқа сай түрлі ойыншықтармен, ертегі кітаптар мен интерактивті тақталармен қамтамасыз етіліп жатыр және де балабақшада гигиеналық заттарымыз жыл сайын  жаңа стандартқа сай жаңартылуда.

2017 жылы “Рамазан бөбек ” балабақшасы жаңа орын салынды

2017 жылы “Рамазан бөбек” балабақшасында жаңа орын салынып, балабақшамыз кеңейіп, балалардың барлық жағдайы жасалды. Балабақшамызда жыл сайын түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Тәрбиешілер сайысы, қыз сыны, жігіттер сұлтаны, алтын күз және т.б. іс-шаралар өткізілді.

2012 жылы “Рамазан бөбек” бөбекжай балабақшасы ашылды.

2012 жылы “Рамазан бөбек” бөбекжай балабақшасы ашылды. 2013 жылы “Айгөлек” байқауына қатысып Шырынбек Рамазан 2 орын алды. Наурыз мерекесіне орай І.Жансүгіров 2016 жылы №30 мектепте “келіндер сайысы” өткізілді. ”Рамазан бөбек” балабақшамыздан тәрбиеші Жүнісова Айнагүл апайымыз қатысты.