Мен, Амиртай Айлиннің анасы Нурумбетова Раушан Алдиярқызы, қызым 2019 жылдан, яғни 2 жасынан бастап атаулы «Рамазан бөбек» бөбекжай балабақшасына тәрбиеленіп жүр. Балабақша таза, жарық, тәрбиешілері ұқыпты, балаларға қамқор, сапалы тәрбие беруде. Қызым балабақшаға барғалы анық сөйлеуді, түстерді ажыратуды, орыс тілінде, ағылшын тілінде санауды үйренді, ортаға тез бейімделу қабілеттері ашылды. Балабақша асханасы балалар үшін өте қажетті дәруменге бай, халал азық-түліктермен қамтылған.